lat: AMAN
(ар. аман امان) – аман, аман-сау.
Онымен мен өлмедім, өзің өлдің, мен өлмей, өлгенің сол – аман келдім («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Күрзісінің зақымынан аты жығылды, Шарапатлы сахаба аман тұра келді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
Амандасу – амандық, саулық тілеу. Амандасып айрылды екі әскер, Кетеді жүз мың әскер дария кешіп («Сейфүлмәлік». Қисса-дастандар, 1986).
Жүфтінің сүйіп жүзінен, Амандасып жөнеді («Рүстем-Зораб». Қисса-дастандар, 1986). Қатын-бала, жұртыма арыздасып, Асықтырма, кетейін амандасып («Өлім халінен Ғайша анамыз илан Пайғамбардың бақас (бахис) қылғаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Аман бермеу – аман қалдырмау.
Бұ әскерде көрінсе ол малғұн, – деді, Аман бермей, өлтіріңіз ол залымды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).
Мен жібердім қайсарға кісілерді, Ол келсе, аман бермей өлтірер сені («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).
Тез оны хозурыма келтір, – деді, Келмесе, аман бермей өлтір, – деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
Аман сұрды – өлтірмей аман қалдыруды сұрады. Мүшіріклер мәлзам болып, аман сұрды , Сол жерде бес жүз мың адамлар басын қойды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).