АМОРТИЗАТОР

lat: AMORTIZATOR

машиналар мен құрылыстардағы соққы және шайқалыс күштерінен қорғайтын құрылғы. Соққы беретін және соққыдан қорғалатын тетіктердің аралығына орналастырылады. Амортизаторлар конструкциясында қатты денелердің (рессорлар, торсиондар, резеңке бөлшектер), сұйықтықтардың («гидравликалық серіппе» деп аталатын) және газдардың («пневматикалық серіппе») серпімділік қасиеттері пайдаланылады.