АНАЛИЗ

lat: ANALIZ

Талдау, айыру; талдаусыз топтау жоқ. Анализ деп ой операциясын, бүтінді (затты немесе құбылысты) бөлшекке бөлудің әдісін атайды. Талдау ой арқылы әрбір объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен түйіндер.