АНАЛИЗ

lat: ANALIZ

талдау, айыру; талдаусыз топтау жоқ. Анализ деп ой операциясын, бүтінді (затты немесе кұбылысты) бөлшекке бөлудін әдісін атайды. Талдау ой арқылы әрбір объекті мен болмыстын, ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады.

Талдаудың физиологиялык негізі мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудін өзара байланысты қызметі.

Анализ құбылыстарды жеке бөліктерге белу процесінен тұратын ойлау әрекетінің бір тәсілі. Талдау сияқты ойлау операциясы танымның негізі болып табылады. Адамда анализ ұғымдармен әрекет ету деңгейінде дамыды. Анализ организм мен сыртқы ортаның практикалық жене танымдық өзара әрекеттесуінің барлық актілерін енгізеді және танымның қажетті деңгейі болып табылады. Ол ойлау операцияларының негізгісі болып табылады. Анализ синтезбен тығыз байланысты. Ойлау түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі бірінен бірі ешқашан ажырамайтын ойлау процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ойлау операциясы пайда болады.