АНТИКАЛЫҚ ТІЛ БІЛІМІ ДӘСТҮРІ

lat: ANTIKALYQ TİL BİLİMİ DÁSTÚRİ

грек-латын мәдени ареалына б.з.д. VII ғ. б.э. VI ғ. қалыптасып өмір сүрген тіл сипаттау және зерттеу дәстүрі. Антикалық тіл білімі дүстүрі көне грек философиясымен қатар пайда болды. Антикалық ойшылдар тілдің табиғаты (зат пен есімнің байланысы, тілдің пайда болуы) мен жазу таңбаларын зерттеумен (грамматикалық өнер) қатар айналысқан. Бұл екі саланың дамуы тіл білімінің қалаптасуы мен дамуына (Индия, Қытай) әсері болған. Б.э.д. V ғ. тіл мәселесімен Гераклит, Парменид, Эмпедокл, Демокрит, Протогор, Горгий, Продик айналысқан. Платонға дейін грек тілінің лексикалық құрамы, дыбыстық және грамматикалық құбылысы жайында білімнің белгілі жүйесі қалыптасқан болатын. Платон өз еңбектерінде («Кратил», «Тетет», «Софист») тіл мәселелерін қарастырған. Бірақ антикалық тіл білімі дүстүрі шынайы негізін қалаушысы, оның құрылымы мен негізгі бағыттарын қалыптастырған- Аристотель. Ол «Категория», «Поэтика», «Аналитика І және ІІ», «Топика», «Реторика» деген тракттарында тіл зерттеу барысындағы логикалық және грамматикалық принциптерді айқындайды. Бұл принциптер келешекте аналитикалық және еуропалық ғылымда дамуын табады. Антикалық тіл білімі дүстүрі эллинизм дәуірінің (б.э.д. ІІІ-І ғғ.) философтар жалғастырған. Тіл проблемалары стоиктердің назарында болды. Александрия мектебін антикалық тіл білімі дүстүрі дамуының шыңы деуге болады. Көне Римде б.э.д. ІІ ғ. ортасына дейін тіл білімі жазба мәдениеттің негіздерін игерумен шектеліп келеді. Кейін грек тілін, гректердің әдебиетін, поэтикасы мен риторикасын зерттеу басталды. Осы кезеңде гректің белгілі филолог-ғалымдары Римде жұмыс істеген. Көне Рим филологиясының өкілдері: Варрон, Марк Тулий, Цицерон, Гай Юлий Цезарь т.б. Көне грек дүниетанымының негізгі философиялық проблемасына қатысты «заттың», «сөздің», «ойдың» өзара қатынасын қарастыру барысында антикалық тіл білімі дүстүрі пайда болды. Антикалық грамматикалық дәстүр тілді сөз табы және грамматикалық категория сипатында зерттеген. Антикалық грамматиккалық дәстүр европалық және шығыстық тіл білімінің негізі болып саналады.