АНТИТЕЗА

lat: ANTITEZA

(шендестіру1) Кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың (фигураның) бір түрі. Екі затты, не құбылысты шеңдестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсеңің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады. Қазақ әдебиетінде фольклордан бастап қазіргі қазақ әдебиетіне дейін қолданылады. Мыс., «Қара жерге қар жауар, Қарды көрде етім көр» («Ер Тарғын») «Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (Абай). 2) Қазіргі әдебиеттанудағы қарама-қарсылықты (контрасты) айқындау, көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да беріледі. Мұнда автор ойы ол қолданған сөздердең тереңде жатуы да мүмкін. «Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін» (К. Аманжолов): «Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» (Ә. Тәжібаев). А-ның бір түрі антиметабола деп аталады. Әбсеметов М.