АНТИТЕЗА

lat: ANTITEZA

мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралы, көркемдік әдісінің бірі, шендестіру. Антитезаның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі бастауы мифтерде жатыр. Адамзаттың балаң кезіндегі дүниені аспан жер, жарық қараңғы, су от т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шендестірудің алғашқы белгілері.