АНТОНИМ-

lat: ANTONIM

(грек. - қарсы есім, ат) мағынасы бір-біріне қарсы сөздер. Көркем шығармада әр түрлі кұбылыстың, іс- әрекеттің, кейіпкерлердің мінез-кұлқының қарама-қайшылығын көрсету үшін, бір затты екінші затқа, бір кейіпкерді екінші кейіпкерге қарсы қойып суреттеу үшін қолданылады. А. поэзияда, мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде көбірек кездеседі. Абай Жұманға карап ашулана сөйледі: «Жә, тоқтат, ақсақал! Қырық жыл достық болмаса, қырық жыл жаулық та жоқ. Базаралыдан алмаған өшің бар ма еді? Келсе, қайырлы болсын! Қадамы құтты болсын!» деді. «Тобықтының күзектерінен шыққан түйелі, арбалы қеруендер Семей қаласының «ар жақ», «бер жақ» атанатын екі жағасындағы қазақ үйлеріне мол-молынан кеп, асықпай киіз-кепшігін сатып жүрАбай аға»). Тіпті Абай мен Тәкежанды, Абай мен Оразбайды, Құнанбай мен Базаралыны, Құнанбай мен Дәркембайды, Айғыз бен Ұлжанды бір-біріне қарама-қарсы етіп суреттеудің өзі А-ге жатады. Романда А-ді қатыстырып құрылған мақал-мәтелдер де жеткілікті. Мысалы: «Ашу - алды, ақыл - соңы», «Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ», «Ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс» т. б.