(қайшы сөздер) (грекше anti — қарсы, onoma — атау)— біріне-бірі қайшы, қарама-қарсы мағыналы сөздер. Мысалы: ақ—қара, ерте — кеш, ескі — жаңа, арық —семіз. Көңіл-қайтты д остан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда? А лыс- ж а қ ы н қазақтың, бәрін көрдім, Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. (Абай) Бұл өлең сөздерінің ішіндегі антонимдер ақынның айтар ойын нақ түйіп, тұжырымдап, байлауын айқындап, өлең әсерін күшейтумен қатар оқырман мен авторды бір ұғымға ортақтастырып тұр. Контраст, яғни антонимдік параллель арқылы ақын көкейкесті сырын оқырман санасына шегелеп отыр. Антоним — өмір шындығын өнерде шынайылау тәсілдерінің бірі. Антитеза, оксюморон қатарына жатады. Тағы бір мысал; Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр — бүгін қ о р қа қ, бұғады. (М. Жұмабаев). Немесе: Кекіліңді жел қозғап, Жарық күнім болды түн. (Шәкәрім). Бекниязов Т.