АНТРОПОГЕНЕЗ

lat: ANTROPOGENEZ

адамның (homo sapiens) пайда болу процесі. Эволюция теориясының көзқарасы бойынша, маймылдардың келесі өзгеше қасиеттері антропогенездің негізгі алғышарттары болып табылды: 1) локомоция мен манипуляцияның жоғары дамуы; 2) жануарлар үшін шекті болатын қолдардың, әсіресе қол саусақтарының аса қозғалғыштығы және осының нәтижесінде өте күрделі ұстау, қармау қозғалыстарына қабілеттің дамуы; 3) иіс сезуден бұрын бинокулярлық көрудің басым дамуы; 4) топтық мінез-құлық пен қарым-қатынастың жоғарғы дамыған түрлері.