АНТРОПОГЕНЕЗ

lat: ANTROPOGENEZ

Адамның (homo sapiens) пайда болу процесі.

Эволюция теориясының көзқарасы бойынша, маймылдардың келесі өзгеше қасиеттері антропогенездің негізгі алғышарттары болып табылды:

1) локомоция мен манипуляцияның жоғары дамуы;

2) жануарлар үшін шекті болатын қолдардың, әсіресе қол саусақтарының аса қозғалғыштығы және осының нәтижесінде өте күрделі ұстау, қармау қозғалыстарына қабілеттің дамуы;

3) иіс сезуден бұрын бинокулярлық көрудің басым дамуы;

4) топтық мінез-құлық пен қарым-қатынастың жоғарғы дамыған түрлері.