АНТРОПОЦЕНТРИЗМ

lat: ANTROPOSENTRIZM

ақиқаттың барлық құбылыстары мен процестерін түсіндіруде ортаға адамды қою қажеттілігі жөніндегі философиядағы бір тұжырымдама. Антропоцентризм өкілдері келесі болжамға сүйенеді: биологиялық эволюция заңдары бірыңғай және олар міндетті түрде әртүрлі планеталарда өзін-өзі танитын материяның жоғарғы түрі адамның бар болуына әкеледі. Осы болжамға ғаламның саналы өркениеттерімен байланыс орнату мүмкіндігі негізделеді. Инженерлік психологияда орталықта мәшине болатын механоцентрлік тұжырымдаманың орнына, алдыңғы орынға адам қойылатын антропоцентрлік тұжырымдама келді. Мәшине енді тек адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерін күшейтетін «қызметші» рөлін атқаратын болды. Антропоцентрлік кешен адам, компьютер, орта кіретін техникалық жүйе. Антропоцентрлік кешен барлық құрамдас компоненттері өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне әсер етеді. Адам антропоцентрлік кешен орталық буыны болып табылады. Осыған байланысты өндірісте, басқаруда, танымда, оқытуда, ойында және т.б. аралас адамдықмәшинелік жүйелер жасалады. Антропоцентрлік кешен қызмет етуінің негізгі принциптері адамдық және техникалық компоненттердің бірлігі, тиімділік, гуманизация, сенімділік, еңбек субъектісінің оның барлық жағымды қасиеттері мен артықшылықтарымен бірге шешуші рөлі.