[анг. aorist, нем. aorist, фр. aoriste, ит. aoristo, гр. aoristos]. Кейбір тілдердегі: грек, ескі славян тілдеріндегі өткен шақтың форма. Көне грек тілінде аорист үшеу: сигматикалық, екінші аорист және түбір аорист. Индоевропа тілдеріндегі аористер жасалу жүйесіне қарай, ңарқынсыз яки сигматикалық аорист болып бөлініп, түбірге «s» жұрнағы жалғануы арқылы ерекшеленеді. Ал күшті және түбір аорист деп аталатындардың да түбіріне тікелей қосымша жалғанады. Семит тіліндегі аористер деп приставка, жұрнақтар әсерімен жіктелетін етістік формаларын айтады. Олар төртке бөлінеді: толық, қысқа, аффективті, ваваорист.