lat: APAT
(ар. афат افات)
1. Ойран, қырғын.
Мағлұм зағипіңнің сізге халі, Дұшпанның апатынан сақта-сәна («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Біреудің ажалы су, біреуі оттан, Кейбіреу шаһид болған бір апаттан («Қарға батыр». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).
2. Ауыртпалық, қиыншылық.
Жолықты әрбір апат мұндай ерге, Құдайым медет берсін жігіт шерге («Қисса Сейпілмәлік шаһзада – Бәдіғұлжамал перізат». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).
Апатталып қалу – қауіп-қатер төну, қиындыққа ұшырау.
Пайғамбардың бет алды, Апатталып қалады , Зырқырап қаша жөнелген, Қалғаны тірі шамалы («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).
Апаттау – қырып-жою.
Бет келгенін апаттап , Әлидің ойынын бастады («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).
Екі ұлын бірдей қабаттап, Жанәбіл барад апаттап («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық). Қырар еді апаттап, Хазіреті ол Оспан («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).
Қырып-жойып апаттап, Тудың келді түбіне («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).
Жанға апат келтіру – күйзеліске ұшырату. Жанға апат сабырсыздық келтіреді , Кім үстін болмайын дейд жетсе күші («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).
Қадимнан халыққа мәлім келе жатқан , Жанға апат от күйініш келтірмек дүр («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Іштегі апат – күйзеліс. Іштегі қайғы-қасірет апатынан , Сөйлеуде әуез қосып, көңіл басып («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).