[грек. katastrophe-өзгеріс, төңкеріс] 1) кенеттен болған ауыртпалық; арты қайғыға соқтыратын жағдайлар қирау, бүліну, жойылу, біреудің немесе бірнәрсенің қаза болуы; аса ірі әскери жеңіліс; 2) жеке және қоғамдық өмірде күрт өзгеріске әкелетін күйзеліс; 3) жүйенің қирауына немесе оның жұмыс тәртібінің елеулі бұзылуына әкелетін секірмелі құрылымдықфункционалдық өзгерістер. Табиғи-техногендік апаттардың жиілігі мен оны талдау негізінде келесідей түрлерін анықтауға болады: жер шарын шарпитын, жаһандық, ұлттық, аймақтық, шағын (жергілікті) және нысаналы апаттар. Табиғи-техногендік ортада апаттардың бұлайша жіктелуі оларды талдау әдістері мен жүйелерін және оларды болжау мен алдын алу бағытында жол сілтейді.