Жүкті алушының оған тиесілі жалпы апат үлесін диспашаға сәйкес төлеу міндеті. Жүк иесі жалпы апаттағы өзінің үлесін қамтамасыз ету үшін депозит салғанға дейін немесе сақтандырушының кепілдік хатын бергенше немесе апаттық бондқа қол қойғанға дейін жалпы апат жағдайында тасымалдаушының жүкке құқығы бар. Апаттық бондқа қол қойғаннан кейін жүк иесі жалпы апат бойынша диспаша жасау жүктелген диспашердің шешімі бойынша жүруге, диспашаның толық жасалуын күтпестен жалпы апаттан туындайтын дисбурсмент бойынша шұғыл түрде қор енгізу туралы тасымалдаушының шешімін орындауға; жалпы апат бойынша өз үлесін төлеу жауапкершілігін көтеруге міндетті. Әдетте апаттық бондқа жүк иесінен бөлек жүкті алушы немесе жүк иесінің банкі тарапынан да қол қойылғандығы талап етіледі.