lat: AQÚRPEK
зат. 1. Жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар.
Тауар қатынасы дамуының ерте сатыларында ақшаның қызметін әртүрлі тауарлар: былғары, тері, мал, қару жөне тағы сондайлар атқарады (Саяси сөздік).
Ақша өр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әртүрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады (ҚҰЭ).
Бастықпаған өндіріс бұларға тіпті пайдалы: малына ауыл шаруашылық салығы түспейді, сол малдың күшін, сүтін күнбе-күн сатып ақша қылып шай, қант, киім-кешекке тарықпайды (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).
2. Сауда-саттық кезінде құн өлшемі ретінде пайдаланылатын металл және бағалы қағаз.
Мақаш өтірік сөйлемейтін жігіт, жаздыгүні көргенімде көмірден қара, суреттен сұлу еді, өттең ақшам жоқ, өзім алар едім (М.Дулатов, Шығ.).
Асылсыздың баласы Ақшасына сүйеніп, Айтқан сөзі пұл болды (Мұрат ақын).
Жәңгір зекет алуды шығарды. Зекетті малмен алмай, ақшамен алатын болды. Ханның соғымы деген тағы бір ауыр салық салды (Х.Досмұхамедұлы, Аламан).