ақ тағам түрінің атауы. Ақ ірімшікті алу үшін сүтті пісірген соң қайнап тұрған сүтке айран құйып ірітеді. Сүт ірігеннен кейін бір бөлігі қоюланып, кесектеледі де, екінші бөлігі сары суы бөлініп, ірімшігі бір бөлек болған кезде қазанды оттан түсіріп, ірімшікті кенеп дорбаға салып сүзеді. Ақ ірімшікті көп кептірмей жас күйінде қолданады. Жапырақтап турап кептірген ірімшікті қыстың күндері ыстық шайға, сорпаға салып жібітіп жейді. Толық кеппеген ірімшікті үгітіп ұсақтап кептірген түрін сақтауға жарайды. Ақ ірімшікті сары суын бойына сіңіріп, одан әрмен қайнатып қызыл ірімшік алады.