lat: AQIQAT
зат. 1. Туралық, шындық.
Елді нығайтудағы ер-азаматтардың еселі еңбегі жеміс берді деген осы. Соны сарап- тап, Мемлекет басшысы жалпақ жұртқа ақиқат тұрғысынан паш етті («Егемен Қазақстан»).
Ақиқатты айту - мұратым.
Кәкейде тек сол тұратын.
Бір ақын болып депутат,
Аула сыпырды бір ақын (Қ.Мырза-Әлі, Шырғалаң).
«Табатын ақиқатын адам болса,
Бұл істің табылады шыны», - дейді.
Кез болды қиын жұмыс бастарына,
Қазыға келіп бұлар жүгінеді (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Ақиқат өзі көрмесе,
Тілге азбайды оңды адам.
Ақсақал болмас ауылға
Өз алдына қонбаған (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
2. филос. Табиғат пен қоғамдағы санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүретін заттармен құбылыстардың адам танымының тәжірибеде тексерілген анық бейнесі.
Ақиқат - танушы кісінің объектіні дұрыс, дол, тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында ұғынуы (ҚҰЭ).
Әл Фарабидің түсіндіруі бойынша, арифметиканың негізгі ұғымы - сан, ол объективтік ақиқат нәрселердің сезіп-түйсінуге болатын қасиеттерін дерексіз қалдырып, абстракқиялау жолымен шыққан (А.Көбесов, Математика.).
Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат орқашан анық, айқын (Филос. негіз.). // Даусыз, дәл, айқын, анық. Олар сендім десе де, анық ақиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбейді (Абай, Тол. жин.). Оның соқтырар білезігіне тағы бір оралары ақиқат (Ж.Сайн, Жол үсті).
Сіз наныңыз, мен жасырып тұрғаным жоқ. Ақиқат шындық, қайда жүргенін білмеймін (Х.Есенжанов, Тар кезең).
Маған ұнамағаны ақиқат, жаным!
Тым өркөкірек дандайсыған есер поэзия!
Нұрлан ақынға естірте қасақана айтты (З.Шашкин, Сенім).