АҚИҚАТ

lat: AQIQAT

ұлттық қоғамдық-саяси журнал. Алғаш Қазақ өлкелік комитетінің «Саясат, білім, шаруашылық һəм əдебиет» органы ретінде шыққан «Қызыл Қазақстан» (қазан, 1922) журналының ізбасары. Журнал қазақ еңбекшілеріне Кеңес өкіметі мен коммунистік партия саясатын түсіндіруді мақсат етті. 1991 жылдан «Ақиқат» деген атпен шығады. «Қызыл Қазақстан» журналының 1923 жылғы 14-санында А.Байтұрсынұлының «Алты миллион қазаққа алты ат», «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек», сондай-ақ 1923 жылғы 17–18-сандарында «Жаңа жазу ережелері» атты мақалалары, «Қазақстан коммунисінің» 1990 жылғы 5-санында Ə.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, т.б. қайраткерлер дайындағанҚазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында жарияланған) «Алаш партиясы проғырамысының жобасы», 1991 жылғы 1-санында Байтұрсынұлының Дулатовпен бірігіп жазған «Алаш азаматтарына» деген үндеуі жарияланды.