lat: AQIQAT
(ар. хақиқат حقيقت)
1. Шын, рас.
Ақиқат айтқанындай сұлу екен, Алдында жайтаңдады бірнеше рет («Жетім көдек». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).
2. Шындық.
Ақырында ақиқат , Анық шынын табады («Ғаяр қатын» Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).
Ақиқатын білгенше, Етпеңдер, – деді, – залалды («Құлқаныс-зеберше». Бабалар сөзі. 3-том. 2004. 100 томдық).
Ақиқат кім екенін білмек үшін, Кідірді тыңдап Мақпал құлақ түріп («Мақпал – Сегіз». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).
Ақиқат баян етті – шынын айтты. Қайтамын, рұқсат болса өз еліме, Ақиқат баян еттім барлық халім («Қисса Жәмшид». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).
Ақиқаттау – шынайы көңіл аудару . Ақиқаттап қарасаң, Тауыстың жөні пішімді («Гүлнәр қыз». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Онда назар салады, Ақиқаттап қарады («Гүлнәр қыз». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Ақиқаты – растығы, шын екендігі. Бала үшін Балпаң мырза алды үш қатын, Кім білсін көз көрмесе ақиқатын («Талайлы мен Әйім қыз». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).
Ақиқат пенде – нағыз адам. Ақиқат пенде болса, өлім рас, Нешеулер сапарланды шашқан дәрпін («Кете Жүсіп Ешниязов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).
Ақиқат көңіл – шынайы көңіл. Бұл науқас Олжабайды кеттi жеңiп, Өлерiне ақиқат көңiлi сенiп («Абылай мен Олжабай». Бабалар сөзі. 57-том. 2010. 100 томдық). 3. Сопылыққа өтудің төртінші сатысы (пар.).