АҚКӨҢІЛ

lat: AQKÓŃİL

сын. Ашық-жарқын, адалниет, ілтипатты.

Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған, а қ к ө ң і л, алаң-бұлаң адамдар көп, Есептеп азын көпке аңқылдаған (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Жазықсызбын дей алман, жат көріндім,

Жазықтымын дей алман, ақкөңілмін. ...

Өмір деген біреу бар билік құрған,

Билігінен мен соның қақ бөліндім (М.Мақатаев, Шығ.).

Алшыннан туған Қудуар Асыл ерге медеу бар.

Қожанасыр кісі екен Олпы-солпы тілі бар.

Есіткенін, көргенін жасырмайтын сыры бар.

Иманмасы ақкөңіл жүрегінің басында

Ерімейтін нұры бар (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Ілімді кегі оқыған осы қаріп, Ақкөңіл , елбіреген мұлайымша. Талаппен тапты ынаят тәуекелмен. Сыпаның сейселелі сыбайынша (О.Шораяқов, Шайыр). // Ашықмінезді, арамдығы жоқ, адал адам. Ақкөңіл ол - кәдімгі Қожанасыр, Өз жолымен ол солай бара жатыр, «Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас». Сенбесеңдер, ағайын, қара да тұр (С.Сейтхазин, Тереңде.).