АҚКӨҢІЛДІК

lat: AQKÓŃİLDİK

мінездің түрі, адам баласының аяулы қасиеттерінің бірі. Ақкөңіл адамның басқалармен қарым-қатынасына ізгі ниеттілік, шынайы тілектестік, ілтипаттылык, пен жайдары қабақ, жарқын жүзділік тән. "Аккөңілдің аты арып, тоны тозбас” деген халық нақылында бұл тамаша адамгершілік қасиетке ие кісінің мінездемесі дәл де нәзік бейнеленген. Мұндай адамдар баршаның ісі ілгері бассын, көптің көңілі өссін, төңірек түгел болып. жұрттың жүзіне жайдарлылық нұры жайылсын деп тілейтін, соған өздерінің көңілі көншиді. Олар сұратпай-ақ, басқаға көмектесуге әзір тұрады, басқаны көңілдендіруге, шаттандыруға, киындықтан құтқаруға құмар. Халық ондай адамды ақжүрек кісі деп марапаттап, құрметтейді.