АҚНИЕТ

lat: AQNIET

көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет. Ниет адамның ықылас-ынтасын білдіретін психологиялық сипат. Ол адамның мінезімен, ерік-жігер, мақсат-мүддесімен сабақтас. Халқымызда «Асыңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз» дейтін мақал осы жайтты білдіреді. Халық ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.