АҚПАРАТТАНДЫРУ

lat: AQPARATTANDYRÝ

ет. 1. Сәйкес жүйе, құрылымға ақпаратты енгізу, қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету.

Ақпараттандыру және байланыс, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктер қазақша сөйлеуге, қазақша іс қағаздарын жазуға аса ықылас танытып отырған жоқ («Егемен Қазақстан»). 2. инф. Адам қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерінде ақиқат білімдердің толық және дер кезінде пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.


Автоматтандырудың негізгі мақсаты - мемлекеттің өзекті ішкі мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ететін және ең алдымен ақпараттық өнімдер мен қызметтерге сұранысты қанағаттандыру болып табылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).