lat: AQPARATTYQ ÁREKETTESÝ (INFORMATION INTERACTION)
осы мәліметтерді алатындардың ең болмаса біреуінің білімінің өзгеруіне алып келетін мәліметтер (ақпараттар) алмасу процесі.
«Жанды» және техникалық жүйелерде ақпараттық әрекеттесудің күрделі деңгейлер иерархиясы болады, олар негізінен екі сұлбаға негізделеді: таратқыш – кодтаушы құрылғы – байланыс арнасы – декодтаушы құрылғы – қабылдағыш (К.Шеннонның классикалық сұлбасы);
Н.Винердің басқару сұлбасы, онда ақпараттардың тікелей ағынымен қатар, басқарылатын объектінің (жүйенің) жай-күйі туралы ақпарат беретін кері ағыны болады.
Қолданбалы міндеттерді шешу кезінде пайдаланушылар арасында ақпараттық әрекеттесудің оңтайлы жағдайларын ұйымдастыру, шындығында, Интернеттің негізгі мақсаты болып табылады.