lat: AQPARATTYQ JÚIE (INFORMATION SYSTEM)
белгілі бір түрде өзара байланысқан және қандай да бір тұтастық құрайтын элементтер (материалдық немесе идеалдық) жиынтығы.
Шынайы өмірдегі кез келген объектіні жүйе ретінде қарастыруға болады.
Кез келген жүйе өзінің болмысымен-ақ ақпараттық құрылым болып табылады, өйткені оның элементтерінің өзара байланыстары ақпараттар алмасу арқылы жүзеге асады.
Жүйе ұғымы интернетикада өте кең қолданылады, көптеген мағыналары бар, көбіне техникалық және бағдарламалық жасақтама құжаттарының өзара байланысқан жинағына, сондай-ақ құжаттардың ұйымдастырушылық жағынан реттелген жиынтығына қатысты.