lat: AQQÝ
зат. 1. Ұзын мойынды, ақ қауырсынды, өте сымбатты құс.
Қыс өтер, мезгілімен жаз да болар, Қар еріп, ойпаң жерлер саз да болар. Теңіздей толқындаған шалқар көлде, Түрлі құс: үйрек, аққу, қаз да болар (М.Жұмабаев, Шығ.).
Астыма жорға мінгізді.
Үстіме торқа кигізді,
Оқытып білім білгізді,
Қызық дәурен сүргізді.
Ақ тұйғын беріп қолыма,
Көлінен аққу ілгізді.
Бай мен ханның баласы Бөрімен бірге жүргізді (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
Аққу - құстың төресі, Жалғыз жатып отамас, Қас жақсының белгісі - Қара сөзді жақтамас (Мақал-мәтел).
2. зоол. <лат. сид- пш> Үйрек тұқымдасына жататын, көбінесе қауырсыны шымқай ақ түсті болатын үйрек.
Аққудың дене тұрқы 155-180 см, салмағы 7-10 кг (кейде 10-12 кг), мойны ұзын, қауырсыны шымқай ақ (тек Австралияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара).
Аққу су өсімдіктерінің тамыр-сабақтарын, сондай-ақ ұсақ жөндіктерді жейді (ҚСЭ).
Мәселен, мұндағы «Аңдысай» мемлекеттік заказнигін бәкеннен бөлек құлан, арқар, елік, қарақұйрық сияқты тұяқтылар: аққу, қырғауыл, бұлдырық, дуадақ, аққүйрықты орлан сияқты құстар - барлығы 33 түрлі аң-құс мекендейді («Соц. Қаз.»).