АҚҚУ

lat: AQQÝ

зат. астр. Аспанның солтүстік жартышарындағы «Құс жолының» тұсынан байқалатын шоқжұлдыз.

Аққу жұлдызының ішіндегі ең жарық жұлдызы - 1 визуаль жұлдыздық шамада жалтырап көрінетін - Денеб (Аққудағы а (альфа) (ҚСЭ).

Аққу шоқжұлдызының Аққудағы 61 деп аталатын 5-визуаль жұлдыздық шамадағы қос жұлдызы 1938 ж. параллаксы анықталған алғашқы үш жұлдыздың бірі (ҚСЭ).