АҚҚУ

lat: AQQÝ

(пар. қу قو) аққу (ақ+қу).

Қаз, қоян, қырғауыл, үйрек, аққу, Әзелде аулайтұғын бір көлі бар («Әмірзада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).

Аққудың көгілдірі секілденіп, Жан-жаққа қарамайды мойын бұрмай («Қарға батыр». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

“Тоятқа сол аққуды ілемін” деп, Алыстан бір күшіген тілеп ұшыпты («Қозы Көрпеш Баян сұлу» (Б.Мақанов нұсқасы). Бабалар сөзі. 55-том. 2009. 100 томдық).