lat: AQSHA
сын. Ақшыл, ақ түсті.
Әсия тұрды байқап: конвеермен,
Ағылып ақша тастар келген өрден.
Жалт етіп жақұттай тас жөнеледі,
Үміттей ұстауға бір көнбей жүрген (Қ.Бекхожин, Үш кезең).
Міне, сен қазір ғана салқын суға шомылып, құрғақ нұрлы дүниеге шығып, жасыл жібек жапырақтың саясында, жүпар иісті ақша гүлдің аясында рақатқа батып отырсың (Қ.Бекхожин, Үш кезең).
Өтті қыс, жетті міне жаз жарқырап,
Әсия Алматыдан алшағырақ,
Жүр қазір жағасында айдын көлдің,
Айнала жағалауы ақша құрақ (Қ.Бекхожин, Үш кезең).