АҚША

lat: AQSHA

жалпыға ортақ эквиваленттің рөлін орындаушы металл не­месе қағаз ақша белгілері; төлеу және жинақтау құралы мен баға өлшемі қызметін атқарады. ақшалар ақша белгілері (қолма-қол ақша) түрінде не банк клиенттерінің банктік есепшоттары бойынша жазба түрінде көрінетін ақша міндеттемелері пішімінде болады. Ақша белгілері көрсетілген құны (көрсетілген бағасы) болатын, банкнот пен монета түрінде шығарылады.