АҚША МЕН МҮЛIККЕ ТЫЙЫМ (АРЕСТ) САЛУ ЖӘНЕ ӨНДIРIП АЛУ

lat: AQSHA MEN MÚLIKKE TYIYM (AREST) SALÝ JÁNE ÓNDIRIP ALÝ

заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым (арест) салынуы мүмкiн.

Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым (арест) салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттiк баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға ти.

3аңды тұлғалардың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының шешiмдерi бойынша, прокурордың санкция беруiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады.

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкте жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкiмi) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.