АҚЫЛДЫ

lat: AQYLDY

сын. Есті, парасатты, сана сезімі жоғары.

Гүлстанға айналдырған тақырды Болат қолдар, алғыр милар ақылды, Сүйемін мен, сүйемін мен сендерді алар демім қалғанынша ақырғы (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Аймағы ол Шөміштің еді қоныс, Басқасы Досекеден бөрі топыр. Марұлым ата есімі молда Қашақ - ақылды адам екен болған сабыр (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Ол кемпірі ақылды болса, енді Жұмағұлды бауырына тартуы керек емес пе? - деді. Әміре бұл сөздің жарыққа шығып, көп жұрттың талқысына түскенін жаратпайды (М.Әуезов, Шығ.).