адамның адамгершілік қасиетін бейнелейтін басқа категориялар және ұғымдармен өзара себеп-салдарлық байланыстағы, яғни құрылым жағынан күрделі этикалық категория. Мазмұны мен қолданыс аясы адамаралық немесе адам және объект арасындағы, басқаша айтқанда, субъектаралық және субъект-объектаралық қатынастардың ахуалдық сипатына байланысты нақтыланып отырады. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп келетін белгілі фразеологизм қазақы ортада ар категориясы кісіліктің ең биік моральдық-этикалық өлшемі болғандығын айғақтайды. ар ауқымдылығы соншалықты көбінесе ұят, намыс және адамгершіліктің нормалары мен принциптерінің бірыңғай семантикалық баламасы ретінде де қолданыла береді. Сонымен қатар, ар ауыспалы «арнайы» мағынада да қолданылды. Мысалы, ар ұяттың немесе кісіліктің баламасы ретінде жүрді деген сияқты. Дәстүрлі ортада есен-саулықтың жиі қолданылатын «Армысың?» сөзі адамаралық байланыстар жүйесіндегі бірден бір этикалық мәнді сәлемдесу болды.