Исламның әлемдік дінге айналуы негізінде қалыптасып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және көне басқа да мұсылман халықтарының мәдениеті. Араб мәдениеті негізінде афроазиялык және еуроазиялық даланың көп аумағын қамтыған және қазіргі көлемдегі 8 супер-өркениеттердің бірі — Ислам Өркениеті қалыптасты (жалпы тұрғындарының саны 1,5 млрд. адам). Араб мәдениетінің қалыптасуына Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағында өмір сүрген ежелгі Шығыстағы өркениеттердің (Мысыр, Финикия, Вавилон, Шумер, Ассирия, т.б.) ықпалы мол болды.