АРАБ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ЛИГАСЫ

lat: ARAB MEMLEKETTERİ LIGASY

(League of Arab Staates), LAS 1945-ші жылдың 22-ші наурызында Каир қаласында (Мысыр) араб жəне африкалық мемлекеттердің еркін бірлестігі түрінде пайда болып, 1950- ші жылы Қорғаныс туралы шартпен толықтырылды. Мақсаттары: мүше мемлекеттердің саяси, мəдени, əлеуметтік жəне экономикалық салалардағы байланыстарына қолдау көрсету; Лигаға мүше елдердің тəуелсіздігі мен егемендігінің жəне араб əлемінің сыртқы мүдделерінің кепілдігі болу; Палестинаны тəуелсіз мемлекет деп тану; мүше елдердің өзара даулы мəселелерін шешу. Басты органдары: Лига Кеңесі (Сыртқы істер министрлері не олардың өкілдерінің деңгейінде), Хатшылық.