АРАЛ

lat: ARAL

Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау табиғаты əсем қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Қазақ баласы үшін əрқашан оның орны тым бөлек. Алатауды əн-күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірə... Жер жəннаты – Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы – құтты, ауасы – таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктіктің бірнеше түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде – орман, аңғарында – шалғын. Алатау – көп ғасырлық тарихқа ие əсем əрі таңғажайып мекен. Алатау баурайында қазақ халқының көне тарихына қатысты өткен күндердің баға жетпес ескерткіштері, тас мүсіндер мен қорғандар өте көп сақталған. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие. Тау жынысы пайдалы қазбаларға аса бай. Баурайы тіршілік үшін өте қолайлы: жетпіс жыл бойы Қазақстанның астанасы болған Алматы қаласы осы таудың етегінен қоныс тепкен. Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында орналасқан. Қойнауында сандаған демалыс орындары, сауықтыру орындары салынған. Медеу мұз айдыны, түрлі спорт кешендері де келушілердің сүйікті мекеніне айналған. Алатаудың Хан-Тəңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мəлім. Алатау – Орта Азия мемлекеттері мен Ресейдің Сібіріндегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Əдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын жəне дала белдемдері алма-кезек орналасқан. Жетісу жəне Iле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы Қазақстандағы ірі əрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш–Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік жəне Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Күнгей Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында. Оңтүстігінде Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеседі, солтүстігіндегі Іле Алатауынан оны Шоңкемін жəне Шілік өзендері бөледі. Қырғыз Алатауы – Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км. Жотаның ең биік жері шығысындағы Батыс Аламедиан шыңы (4875 м). Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа биіктігі – 4000 м, ең биік жері – Манас шыңы (4484 м). Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы – 35 км. Бірқатар шыңдары 4500– 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да сонда айналған. Алатаудың Хан-Тəңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мəлім. Алатау – Орта Азия мемлекеттері мен Ресейдің Сібіріндегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Əдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын жəне дала белдемдері алма-кезек орналасқан. Жетісу жəне Iле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы Қазақстандағы ірі əрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш–Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік жəне Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Күнгей Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында. Оңтүстігінде Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеседі, солтүстігіндегі Іле Алатауынан оны Шоңкемін жəне Шілік өзендері бөледі. Қырғыз Алатауы – Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км. Жотаның ең биік жері шығысындағы Батыс Аламедиан шыңы (4875 м). Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа биіктігі – 4000 м, ең биік жері – Манас шыңы (4484 м). Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы – 35 км. Бірқатар шыңдары 4500– 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да сонда шоғырланған. Тау бастарын мəңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауының ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты əсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойнықонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жəннаты – Жетісуға нəр беріп, əр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нəр беріп тұр. Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сəні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс жəне сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мəртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты. Саф ауасы, самал желі, өзіне ғана тəн сұлулығын сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Алатаудың сұлулығы мен əсемдігін тек сезім көзімен ғана көріп, оның ажарлы пейзажын көкірек көзімен түйсіну керек... Мұртын мұздақ басқан қарт Алатаудың ішіне бүккен сыры да қалың. Сандаған ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу нысанына айналған тасқа салынған суреттер, қорғандардың құпиясы терең. Тау қойнауында əлі де болса ешкім сырын ашып үлгермеген көненің көзі саналатын табиғи ескерткіштер, адам аяғы баспаған биік шатқалдар мен асулардың бар екендігі шүбəсіз рас.