АРАЛАУ

lat: ARALAÝ

(Қ.орда: Сыр., Тер., Жал.; Орал, Казт.; Түрікм.: Таш., Көнеүр.) арашалау.

Екі адам шатасып жатса, үшінші адам аралап жібереді (Қ.орда, Жал.).

Келінін аралап алуы дұрыс-ақ (Орал, Казт.).

Байқасаң, әлгі екеуінің қызыл тұмсық болатын түрі бар, дереу аралап, ажыратып жібердік (Түрікм., Таш.).