дәстүрлі емшілікте қолданылған собық шөп. Собықтың бұл түрін саудагерлер Ташкенттен алдырған. Ал, Ташкентке Үндістан арқылы келген. Собықтан дәнін шығарып тастап жонып алады да, оны шай сияқты қайнатады. Мұндай қайнатпаны жөтелгенде және түрлі кеуде ауруларымен ауырғанда, суық тиіп қызу көтерілгенде ішкізеді. Оған үш мысқалдай сана өсімдігінің кептірілген жапырағын қосып, суық тигенде, шешекпен ауырғанда, қызу көтерілгенде беріп, ауруды қатты терлетіп емдеген.