төтенше жағдай аймақтарының сыртқы шекарасында аралық көшіру пункттерін уақтылы ашуды қамтамасыз ететін ісшаралар кешені. Аралық көшіру пункттерінде қызмет көрсететін қызметкерлерді орналастыру, дозиметрлік (химиялық) бақылау бекеттерін, лас (жұқтырған) киім мен аяқ-киімді санитарлық өңдеу мен арнайы өңдеу пункттерін орналастыру көзделеді. Ерекше жағдайда аралық көшіру пункттерінде киім мен аяқ-киімді ауыстырылады және көшірілетіндерді төтенше жағдай аймағында жұмыс істеген көлік құралдарынан кейін таза (жұқтырмаған) аумақта тасымалдау үшін «таза» көлік құралдарға ауыстырып отыру көзделеді.