АРБИТРАЖ

lat: ARBITRAJ

[франц. arbitrage-ара ағайындық] кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар арасындағы (мемлекетішілік), сондай-ақ мемлекеттер арасындағы дау-дамайды шешу тәсілі немесе арнайы ұйым. Алдын ала оның шешіміне тоқтайтын болып, ерікті, келісілген түрде екі жақ ара ағайынды не ара ағайындық комиссияны таңдайды. Кейде арбитраж тағайындау заңмен қарастырылады.