ескіріп, мән-мазмұны жойылып, қолданудан шығып қалған, әсіресе ауызекі тілде айтыла бермейтін сөздер, сөйлемшелер, сөз тіркестері. Бірақ тарихи тақырыпқа арналған әр жанрдағы шығармаларда А-дер қолданыла береді. Демек өткен дәуірдің тарихи бітімін, болмысын, ерекшелігін тартымды әрі нанымды көрсету үшін жазушы А-ді қолданбай тұра алмайды. «Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бірақ әлі талған жоқ. Әлі де кітап бетіне үңілуде. Парсы, түркі кітаптары бұны біресе Шираздың гүлзарына әкетеді. Самарқанның мазар ғимаратына қадалтады. Мәру, Мешһедтің миуалы, бұлбұлды бақтарына, салқын самал хауыздарына үңілтеді.Ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, медреселеріне, кітапханаларына тартады. Абайды бүгін өзіне үңілдірген - жаңағы елдер мен у ә л а я т т а р д ы ң дәл бүгінгі көрінісі». Мұндағы асты сызылған сөздер А-ге жатады («Тайғақта»).