(сәулет өнері) — қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы бола отырып, архитектура қоғамның экономикасымен, өндіріс дамуының дәрежесімен және өндірістік қарым-қатынас сипатымен, ғылым және техника жетістіктерімен тығыз байланыста болады.