АРХИТЕКТУРА (ARCHITECTURE)

lat: ARHITEKTÝRA (ARCHITECTURE)

күрделі объектінің моделін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және құрамдастарының өзара байланысын анықтайтын тұжырымдамасы.

Желі архитектурасы оның негізгі элементтерін, осы элементтердің сипаты мен өзара әрекеттесуінің топологиясын анықтайды.

Ақпараттық жүйе архитектурасы оның жалпы логикалық ұйымдасуын, бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз етілуін көрсетеді, кодтау әдістерін сипаттайды және жүйе арқылы пайдаланушы интерфейсін анықтайды.