lat: ARMAN
(пар. арман ارمان)
1. Арман, тілек, мақсат.
Олар келіп көзіме бір көрінсе, Қалмас еді һеш менде арман , – дедім («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).
Дүниеде көңілімде көп-дүр арман, Жеткізгей мұратыма, Қадір , Рахман («Қисса хазірет Әли разы Алла Анһудың шаһ Барбарға құл болып сатылғаны туралы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).
Көп болды менім арманым, Кәпірге зар боп барғаным («Қисса Сейпілмәлік шаһзада – Бәдіғұлжамал перізат». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).
2. Өкініш, опық жеу.
Мен айттым: – Мард адамда болмас жалған, Ерлер іске өкініп қылмас арман («Қисса Хатымтай Жомар». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).
Сізде сондай бір күн де армандасыз, Бұл шақта туғры қаза келтірмесең («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Мәрт болсаң, ерлер, шын сөйле, Қапыл жатқан жайқын ел, Арманда боп қалмасын («Батыр Жәнібектің өлеңі». Бабалар сөзі. 56-том. 2009. 100 томдық).