lat: ARNAÝLY QURALDARDY QOLDANÝ
кісендерді, резеңке таяқтарды, көзден жас ағызатын заттектерді, үй-жайларды бұзып ашуға арналған, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды қолдану.
Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына және өзге де тұлғаларға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшiн; кеден органдарына тиесілі немесе олардың пайдалануындағы үй-жайларға (құрылыстарға, ғимараттарға), көлiк құралдарына, кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшiн, сондай-ақ аталған объектілер басып алынған жағдайда оларды босату үшiн; кеден органының лауазымды тұлғасына дене күшін қолданып қарсылық көрсетудiң жолын кесу үшін; егер құқық бұзушылар күш көрсетіп қарсыласса немесе өзгедей қарсы әрекет жасаса, ол адамдарды ұстау, кеден органына не Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жеткізу үшiн; көлiк құралына қатысты кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық объектісі болып табылады деп ойлауға негіз болғанда аталған көлiк құралын тоқтату үшiн арналған арнайы құралдар.