АРШЫН

lat: ARSHYN

метрге жуық ұзындық өлшемі, кез. Түркі тілдерінің сөздігінде бұл сөз әр түрлі фонетикалық вариантта кездеседі. Мәселен, татар, башқұрт, өзбек, қарақалпақ, қырым-татары, әзірбайжан, түрік тілдерінде аршин, аршын, якут тілінде ассын, чуваш тілінде аршан. Этимолог-зерттеушілер А. атауын парсы тілдерінен енген, ол тілдерде де зат есім сөз, ұзындық өлшемін білдіреді деп топшылайды. Мәселен, В.Г. Егоров А. атауын парсы тіліндегі (арадж), (арандж) тұлғасында қолданып «шынтақ» деген мағынаны білдіреді, түркі тілдерінде сол тілден ауысқан дейді. Сондай-ақ, бұл атау, моңғол, бурят тілдерінде де аршан-аршам тұлғаларында кездесіп, осы өлшемдік мағынада қолданылады. Жалпы, бұл ұзындық өлшемін білдіретін атау «шынтақ» мағынасында славян тілдеріне енген деген пікірді зерттеуші ғалымдырдыңкөпшілігі құптайды. Сонда, жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, ұзындық өлшемін білдіретін А. атауы парсы тілінен енген кірме сөз екенін, бірақ, тілімізге өзіміздің төл сөзіміздей сіңіп, байырғы халықтық өлшем ретінде ата-баба тұрмыс-тіршілігінде кеңінен өлшем құралы қызметін атқарған деуге болады.