АРЫЗ

lat: ARYZ

жеке адамның (немесе бірнеше адам) ұйымға немесе лауазымды адамға, арыз берушінің заңды мүддесі мен құқықтарының бұзылуымен (наразылық шағымнан ерекшелігі) байланысты емес және сондықтан осындай бұзушылықты жоюды талап етпейтін ресми жүгінуі. Арыз біріншіден, азаматтың заңды мүддесі мен құқықтарын (мысалы, жұмысқа алу туралы арызы) жүзеге асыру мақсатында және екіншіден, кәсіпорын мен ұйымның жұмысындағы жетіспеушіліктер туралы хабарлау және осы кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу үшін беріледі.