lat: ARZAN
(пар. арзан ارزان) – бағасы төмен.
Зылиха бір қыл құрлы болмас еді, Бағасы мынау қымбат, анау арзан («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).
Ізденіп мұнда келдік дүрге маржан, Болмасын дүрден асыл бағасы арзан («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Мен сонан арзан бұлды әперем деп, Мені ертіп сол лапкеге алып кірген («Қисса үш қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Арзандық – қымбатшылық емес.
Мысырда арзандық деп есітеміз, Балаларына айтады Жақып оны («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).